Метеорологтар мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, 6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста аздаған жаңбыр жауып, 8 маусымда еліміздің солтүстігінде жаңбыр мен бұршақ жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
"6-7 маусымда солтүстікте күндіз өте қатты ыстық болады. 6 маусымда орталықта, республиканың шығысында 41 градус, 8 маусымда оңтүстік-шығыста 41 градусқа дейін, еліміздің оңтүстігінде 46 градусқа дейін ыстық сақталады. 8 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ыстық 22-30 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.