Қазақстанда 47,2 млн тонна жем дайындалды

160

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жем-шөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.  

Қазақстанда 47,2 млн тонна жем дайындалды Фото: inbusiness.kz

Жемшөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жемшөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жемшөп өндірісін дамытудың Жол картасы бойынша жұмыс жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ағымдағы жылы өңірлердің деректері бойынша жемшөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2 млн.гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жемшөп үлесі шамамен 14%–. құрады (2023 жылы-13%).

24,5 млн.тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн. тонна), пішен - 1,7 млн. тонна, сабан – 4,6 млн. тонна, концкорм – 5,5 млн. тонна және сүрлем – 2,0 млн. тонна дайындау жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 30 қазандағы жағдай бойынша 33,3 млн.тонна көлемінде шөп немесе бір жарым жылдық жоспардан 90,7%, 2 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардан 117,6%, 4,8 млн тонна құрама жем (86,2%), 2,3 млн тонна сүрлем (117,4%) және 4,8 млн тонна сабан дайындалды (103,8%).

Жалпы, Қазақстанда жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу