Қазақстанда 47 мың студенттің проблемалық несиесі бар

498

Ресми табыс көзі бар студенттерге несие беру жалғасады. 

Қазақстанда 47 мың студенттің проблемалық несиесі бар Фото: euronews.com

Елімізде 18-20 жас аралығындағы 480 мың адамның тұтынушылық қарызы бар. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі уақытта 18-20 жас аралығындағы 480 мың адамның тұтынушылық қарызы бар. Шамамен 500 адамның қарызы бар. Бірақ бұл проблемалық несие емес. Оның ішінде проблемалық қарыз алушылардың саны – 47 мың адам", - деді Мәдина Әбілқасымова.

Айтуынша, бұрын жастар ресми табыс көзі болмаса да несиені рәсімдей берген. Енді олардың шәкіртақысы, жалақысы, яғни ресми табысы болса, несие ала алады. 

"Конституция бойынша несие алу адамдардың құқығы. Оған бізге әртүрлі шектеу қоя аламыз. Бұл табысқа қатысты шектеулер. Табысы жоқ студенттерге несие берілмейді", - деп жалғастырды спикер Мәжіліс кулуарында.

Тілшілер жұмысы жоқ студенттерден қарыз қалай өндірілетінін айтты.

"Бұл бағытта бірнеше рәсім бар. Біріншіден, төлеу мерзімі өтіп кеткен берешектерді реттеу механизмі. Ол үшін студенттер банктерге немесе микроқаржы ұйымдарына арыз жазу керек. Сонда оларға жаңа төлем кестесін беру қажет", - деді Мәдина Әбілқасымова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу