Қазақстанда 479 мың адам зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейді

281

Мұндай жұмыскерлердің дені Қарағанды облысына тиесілі.  

Қазақстанда 479 мың адам зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейді Фото: Qarmet компаниясының баспасөз қызметі

Елімізде 479 мың адам еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі күні Қазақстанда еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер саны – 479 мың адам. Экономика салалары бойынша зиянды және қауіпті  жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің 61% өнеркәсіп саласына еңбек етуде. Электр энергиясы, газбен жабдықтау саласында 40 мың жұмыскер жұмыс істейді. Бұл еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдардың жалпы санының 8,5% құрайды", – деді ведомство басшысы.

Аймақтар бойынша зиянды жұмыстарда істейтін жұмысшылардың көрсеткіші төмендегідей:

  • Қарағанды облысында – 84 мың адам (басым бөлігі);
  • Павлодар облысында – 57 мың адам;
  • Маңғыстау облысында – 43 мың адам;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 43 мың адам.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу