Қазақстанда 5 мың ІТ-компания тіркелген

2133

43 мың қазақстандық ІТ-салада жұмыс істеп жүр.

Қазақстанда 5 мың  ІТ-компания тіркелген

Елордадағы Astana Hub IT технопаркінде "Digital Bridge" халықаралық технологиялық форумы өтті.  Интернет-компаниялар мен технологиялық кәсіпкерлердің, венчурлік инвесторлар мен корпорациялардың өкілдері мен  IT-мамандардың басын қосқан жиынға әлемнің 25 елінен 5 мыңнан астам адам қатысты.

Форумға қатысқан Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш индустриясы вице-министрі Абылайхан Оспанов "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы жобаларын іске асырудың қиындықтыраны тоқталды.

"Бүгінде Қазақстанда 5 мыңға жуық IT-компания тіркелген. Бұл компаниялар жылына 700 млрд теңгенің өнімін жасайды. IT-нарықта 43 мың отандасымыз еңбектеніп жүр. Салаға 31 млрд теңге инвестиция салынды. Astana Hub-пен бірге жұмыс істейтін компанияларға салықтық жеңілдіктер беріліп", – деді Аблайхан Оспанов.

Форум аясында жыл сайынғы Astana Hub Awards сыйлығы өтті. Astana Hub Awards сыйлығын марапаттау рәсімі Digital Bridge форумы аясында өтті. Antidolg.kz командасы "Жыл жаңалығы" атанса, Biometric "Жылдың IT - стартапы" аталымын жеңіп алды. Ал Рамиль Мухоряпов "Жылдың IT-кәсіпкері" деген атқа ие болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу