Қазақстанда 5 мыңнан аса адам туған күнін 4 жылда бір рет тойлайды

1083

Бүгін, 29 ақпан 4 жылда бір рет келетін кібісе жылы. 

Қазақстанда 5 мыңнан аса адам туған күнін 4 жылда бір рет тойлайды Фото: freepik

Ұлттық статистика бюросы елімізде 29 ақпан күні дүние келген қанша адам бар екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Massaget.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстанда 5110 адам 29 ақпанда дүниеге келген екен.

Бұл статистиканың ішінде 1992 жылы туған 250 ер адам, 191 әйел адам бар. Ал 1996 жылы дүниеге келген 219 ер адам, 197 әйел адам бар.

2000 жылы дүние есігін ашқан 242 ер адам, 211 әйел адам болса, 2004 жылы туған 235 ер адам, 173 әйел адам бар.

2008 жылғы жасөспірімдер арасында 399 ер адам, 394 қыз бала болса, 2012 жылы дүниеге есігін ашқан 463 ер бала, 399 қыз бала, 2016 жылы туған 438 ер бала, 432 қыз бала, 2020 жылы дүниеге келген 461 ер бала, 406 қыз бала бар.

Кібісе жылы дегеніміз не?

Деректерде кібісе жылы туралы ақпарат ежелде Мысырда пайда болғаны айтылады. Яғни 366 күнге толған жыл кібісе деп аталады екен. Ал 29 ақпан "кібісе күні" деген атау да алған. Ал 2024 жылғы ақпанда 8 күн демалыс, 21 күн жұмыс күні болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу