Қазақстанда 5 жаңа кен орны пайда болуы мүмкін

366

Келер жылдың өзінде мыс, алтын және қарапайым металдардың қоры есептелетін болады.

Қазақстанда 5 жаңа кен орны пайда болуы мүмкін Фото: Inbusiness.kz

Мұндай жоспарымен "Қазақмыс Барлау" компаниясы бөлісті. Ең ірі геологиялық барлау компаниясы осы айда 5 жылдығын атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

2018 жылы Қазақмыс компаниялар тобының шикізат базасын толықтыру және кеңейту мақсатында "Қазақмыс Барлау" кәсіпорыны пайда болды. Геологиялық барлаумен айналысатын олар қызметтердің кең спектрін ұсынады: жобалық және қорды есептеуден бастап, далалық жұмыстарға дейін. Жыл сайын "Қазақмыс Барлау" 120 мың желілік метрде бұрғылау жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі таңда компания Қазақстанның 7 облысында 37 геологиялық барлау жобасын жүзеге асыруда.

"Мыстың, полиметаллдың және алтынның бес кен орны бойынша біз 2024 жылдан бастап қорларды есептей бастаймыз. Бұл нақты кен орындары болады. Сонымен қатар, кеніштерімізді кеңейту, технологиялық және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының тағы 3 кен орны бар, олар қазір есептелуде", - дейді "Қазақмыс Барлау" ЖШС атқарушы директоры Кадыржан Каулдашев.

Барлаудың бірінші кезеңі әрқашан геофизикалық зерттеулер болып табылады. Мұнымен "Қазақ Геофизикс" компаниясы айналысады. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған кәсіпорын жер қойнауын зерттеу бойынша ауқымды жұмыстарды атқаруда. "Қазақ геофизикс" өз жұмысында канадалық әуе-геофизикалық зерттеу технологиясын пайдаланады. Бұл ретте компания Қазақстанды зерттеумен ғана шектелмек емес.

"Біздің технологияны пайдалана отырып, сол жылы күзде американдық компанияның шақыруымен біз Австралияда Перс қаласының маңында әуе-геофизикалық жұмыстарды жүргіздік. Бұл команданың қатысуымен болды. Біз басқа елдерге баруды жоспарлап отырмыз. Жақында араб елі Оманда жұмыс істеу туралы келісім болды. Египетпен үлкен келісімшартқа қол қою сатысында тұрмыз деп айта аламын",- дейді "Qazaq Geophysics" бас директоры Бекасыл Әукешев.

Бүгінгі таңда "Қазақмыс Барлау" компаниясында 600-ге жуық адам жұмыс істейді. Еңбеккерлердің орташа жасы - 37. Осылайша басшылық жас мамандарға қолдау көрсетуде. Жұмыс процесінің талаптары халықаралық геологиялық барлау стандарттарына сәйкес келеді, сондықтан компания өз жұмысының сапасына күмән келтірмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу