Қазақстанда -50 градус аяз сезілгені рас па?

378

"Қазгидромет" ақпаратқа қатысты жауап берді. 

Қазақстанда -50 градус аяз сезілгені рас па? Фото: freepik

Қазақстандықтар республиканың шығысында 20 ақпанда таңертең ауа температурасы минус 50 градусқа дейін төмендегені туралы хабарлама таратып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа қарағанда, таңғы сағат 05:05-те Алтайда (бұрынғы Зырян) ауа температурасы минус 50 градусқа дейін төмендеген. Бұл минус 57 градус болып сезілетіні көрсетілген.

"20 ақпанға қараған түні Зырян метеостанциясында ауаның ең төменгі температурасы 47,3 градус аяз болды", - деп хабарлады синоптиктер.

Бұл өткен түндегі Қазақстандағы ең төменгі температура екені атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу