Қазақстанда 50 жастан асқан ерлер скринингтен өтетін болды

199

Бұл инсульт пен инфаркттың алдын алу мақсатында жасалып отыр.

Қазақстанда 50 жастан асқан ерлер скринингтен өтетін болды Фото: canva.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова биылдан бастап скринингтің жаңа 2 түрі енгізілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2026 жылдан бастап сақтандыру жүйесіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 млн-нан астам азаматты тартуға мүмкіндік беретін Заң жобасы әзірленді. Бұл азаматтардың қалта шығындарын едәуір төмендетуге және оларды қаржылық қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Екіншіден, бірыңғай пакеттерді қалыптастыру. Оның негізгі мақсаты – қызметтердің қайталануын болдырмау, азаматтардың әлеуметтік мәртебесін есепке алу және сақтандыру мәртебесіне қарамастан базалық көмектің қолжетімділігіне кепілдік беру. 2026 жылдан бастап негізгі міндеттемелерді тегін медициналық көмектің көлемі пакетінен сақтандыру жүйесіне ауыстырып, кезең кезеңімен біріктіру қажет", – деді ведомство басшысы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Тегін медициналық көмектің көлемі пакетінде әлеуметтік маңызы бар ауруларға күдік жағдайлардағы көмек 2-ден 8-ге дейін ұлғайтылып, сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін көрсетілетін болады.

Одан бөлек осы жылдан бастап сақтандырылмаған азаматтар онкоскринингтен тегін өтуге мүмкіндігі бар.

"Биылдан бастап скринингтің жаңа 2 түрі енгізілді: жүктілікке дайындық және 50 жастан асқан ерлерде инсульт пен инфарктты алдын алу мақсатында", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу