2024 жылдың сәуір айы метеорологиялық бақылаулар тарихында Солтүстік жарты шардың көптеген елдерінде, соның ішінде, Қазақстанда да ең жылы айлардың біріне айналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазгидромет" РМК хабарлағандай, биылғы сәуір айы метеорологиялық бақылаулар тарихында Солтүстік жарты шардың көптеген елдеріндегі ең жылы күндердің бірі ретінде тіркелді, ал Қазақстан да бұдан қалыс қалған жоқ. Республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы әдеттегіден 1-6 градусқа жоғары болды.
"Сәуірдің үшінші онкүндігінің басында еліміздің басым бөлігінде күн жылынып, Қазақстан қалаларында жаңа рекордтар тіркелді. Мәселен, 21 сәуірде Ақтауда күн +31,5 градусқа дейін ысыды, бұндай жылы ауа райы 1975 жылы тіркелген. Петропавлда ауа температурасы +28,8 градус болған, бұл көрсеткіш 1982 жылғы ыстықтан асып түсті, 22 сәуір күні Атырауда ауа температурасы +31,2 градусқа дейін ысып, , 2012 жылғы рекорд жаңарды", - деп хабарлады Қазгидромет.