Қазақстанда 5G қосылса, мемлекеттік қызметтің сапасы артады – кореялық маман

936

Қазақстанда 5G мобильді интернет байланысы қосылса, онлайн көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы артады. Бұл туралы Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігінің (MOIS) цифрлық ресурстар саясаты басқармасының директоры Мин Сун Йонг айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстанда 5G қосылса, мемлекеттік қызметтің сапасы артады – кореялық маман

"Қазақстанда 5G енгізілсе, мемлекеттік қызметті алудың сапасы мен жылдамдығы жақсарады. Мысалы, Оңтүстік Кореяда мемлекеттік қызметті алудың орташа уақыты – 3 секунд. Егер қызмет бұл уақыттан асып кетсе, ол сапасыз болып саналады",  деді Мин Сун Йонг елордада өтіп жатқан цифрландыру мәселелері бойынша өңірлік конференцияның кулуарында.

Оның пікірінше, елде байланыс инфрақұрылымын дамыту дамыған елдерден артта қалмауға мүмкіндік береді.

"Инфрақұрылымдық базаны инвестициялауға ерекше көңіл бөлсе, оның негізі мықты болады. Азаматтарға қаржының қайда кеткені көрінбеуі де мүмкін. Бұл ішкі жұмыс болып саналады. Алайда бұл қызметтің сапасына оң әсер етеді", – деді директор.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу