Қазақстанда 5G жиілігіне ашық аукцион басталды

650

Қазақстанда алғаш рет байланыс операторлары арасында жиіліктерді бөлу бойынша электронды сауда-саттық басталды.  

Қазақстанда 5G жиілігіне ашық аукцион басталды Фото: khabar24.kz

Аукцион ұялы байланыстың бесінші буынын (5G)  енгізу және жиілік диапазондарын бөлуді көздейді, деп жазады Inbusiness.kz Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бәсекелестікті қалыптастыру бағытында аукционға радиожиіліктерді бөлу тәртібімен бекітілген талаптарға сәйкес келетін компаниялар қатыса алады. Бұл аукцион 5G технологиялары үшін  радиожиіліктерді таратудың ашық механизмін көрсетеді. Осындай іс-шаралардың өткізілуі елдегі телекоммуникалық желілердің дамуына серпін беретіні сөзсіз. Оған қоса жаңа операторлар үшін бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді.

Аукцион шарттары бойынша қатысушыда - кемінде 6 облысты, республикалық маңызы бар қалаларды қамтитын телекоммуникалиялар мен ұялы байланыстың магистральдық желілері және мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс. Сондай-ақ, негізгі шарттарға сәйкес қатысушы компания таралу кезеңінде немесе банкротқа ұшырау сатысында болмауы керек. Оған қоса кепілдік жарнаны төлегені туралы құжаттарды ұсынуы қажет.

Цифрлық даму министрлігінің дерегінше, көптеген дамыған елдерде 5G жиіліктерін сату аукциондарында қомақты қаражат бөлінгенін атап өткен жөн. Мысалы, Швейцарияда - $378 млн, Италияда - €6,5 млрд, Испанияда - €437,6 млн, Австрияда - €188 млн, Ұлыбританияда – £1,35 млрд, Германияда - €6.5 млрд, Оңтүстік Кореяда-  $3,3 млрд және т.б.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу