Қазақстанда 699 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

693

Бұл мақсаттарға бюджеттен 64,5 млрд теңге бөлінген.

Қазақстанда 699 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды Фото: wfin.kz

Осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай  бойынша 135,8 мың отбасындағы 699,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

"Атаулы әлеуметтік көмек отбасының әр мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады", - делінген ведомство хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 191,4 мың балаға азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалған көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу