Қазақстанда 7,7 млн гектардан астам астық жиналды

245

Келіп түскен бидайдың 78%-ы үшінші сыныпқа жатады.

Қазақстанда 7,7 млн гектардан астам астық жиналды Фото: tengrinews.kz

Қазақстанда егін жинау науқаны жоспарға сай жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінде 5,5 млн гектар дәнді дақыл жиналды. Бұл жалпы егіс алқабының 35,5%-ына тең. Көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есе жоғары.

gov.kz

Орташа өнімділік гектарына 14 центнерді құрап отыр. Нәтижесінде шаруалар 7,7 млн тонна астық жинады. Былтыр осы уақытта бұл көрсеткіш 3,9 млн тонна болған.

Жаңа өнімнің алғашқы қабылдау нәтижелері астық сапасының жоғары екенін көрсетіп отыр. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына қазірдің өзінде 1,025 млн тонна астық тапсырылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен жеті есе көп.

Қабылданған жұмсақ бидайдың 78%-ы үшінші сыныпқа, 14%-ы төртінші сыныпқа жатады. Ал бесінші сыныпты және сыныпқа жатпайтын бидайдың үлесі 7% болды.

Бидайдағы глютен мөлшері де жоғары деңгейде. Астықтың 56%-ында глютен мөлшері 28%-дан асады, 19%-ында 25-27%, қалған 25%-ында 23-24% деңгейінде.

Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылданып жатқан астықтың сапасы мен негізгі физика-химиялық көрсеткіштеріне тұрақты мониторинг жүргізіп отыр.

Дәнді дақылдардан бөлек, майлы және көкөніс-бақша дақылдарын жинау да жалғасуда. Бүгінде 244 мың тонна майлы дақыл, 1,9 млн тоннадан астам көкөніс, 1,7 млн тонна бақша дақылы және 795 мың тонна картоп жиналды.

Егіннің жағдайын бақылау үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, өңірлерде көшпелі тексерулер жүргізіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, дәнді және майлы дақылдардың 98%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Күзгі дала жұмыстарына өңірлерге 401,1 мың тонна дизель отыны бөлінді. Оның 161,3 мың тоннасына келісімшарт жасалып, төлем жүргізілген. Бүгінде 143 мың тоннасы жөнелтілді.

Сонымен қатар шаруаларды минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылға жоспарланған 2,3 млн тоннаның 2 млн тоннасы бойынша келісімшарт жасалып, өнім жөнелтілді. Бұл жылдық жоспардың 85%-ын құрайды.

Егін жинау жұмыстары штаттық режимде жүріп жатыр. Министрлік егін жинау қарқынына, алқаптардың жай-күйіне және шаруаларды қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге тұрақты мониторинг жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу