Қазақстанда 700-ден аса америкалық компания жұмыс жасайды

942

Бақытжан Сағынтаев АҚШ сауда министрі У. Росспен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру перспективаларын талқылады.

Қазақстанда 700-ден аса америкалық компания жұмыс жасайды

Бүгін Астанада ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың сауда министрі Уилбур Росспен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Кездесу барысында тараптар екі елдің арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі арттыру перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың биылғы қаңтар айында АҚШ-қа сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелерін талқылады.

Энергетика және ауыл шаруашылығы тәрізді әдеттегі өзара іс-қимыл секторларымен қатар тараптар инновациялар, химия, мұнай химиясы, машина жасау, инфрақұрылым, көлік және логистика, қаржы, ғарыш технологиялары және т.б. салалардағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту келешегіне тоқталды.

Осы жылдың 8 айының ішінде алғаш рет тауар айналымының көлемі $1,462 млрд құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 29%-ға артық ($1,133 млрд), ал АҚШ-тан инвестициялар ағымы бірінші жарты жылдықта 44,7%-ға артқан.

ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша 2018 жылдың І жарты жылдығында АҚШ-тан ҚР-ға тікелей инвестициялар көлемі $2,79 млрд құраған, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 44,7%-ға артық ($1,93 млрд). Жалпы, 1 шілдедегі жағдай бойынша АҚШ-тан ҚР экономикасына ТШИ жалпы көлемі 2005 жылдан бері $33,76 млрд құрады.

Тек соңғы жарты жылда 60-тан астам америкалық компаниялар іскерлік келіссөздер мен кездесулер өткізу мақсатында Қазақстанға келген. Бүгінгі таңда Қазақстанда 700-ден аса америкалық компания табысты жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу