Қазақстанда 700-ге жуық кәсіпкердің шетелге шығуына шектеу қойылуы мүмкін

284

Салық қарызы үш ай ішінде өтелуі керек.

Қазақстанда 700-ге жуық кәсіпкердің шетелге шығуына шектеу қойылуы мүмкін Фото: ЖИ

Қазақстанда салық берешегіне байланысты 700-ге жуық жеке кәсіпкер мен кәсіпорын басшысының шетелге шығуына уақытша тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Қайсар Арын мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл 1 шілдеден бастап ірі көлемде салық қарызы бар кәсіпорын басшыларының елден шығуын шектеуге мүмкіндік беретін жаңа тәртіп күшіне енді.

Жаңа талап бойынша салық берешегі 27 мың айлық есептік көрсеткіштен, яғни 116,7 млн теңгеден асып, үш айдан астам уақыт өтелмесе, басшының шетелге шығуына уақытша шектеу қойылуы мүмкін.

Бұл тәртіп жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшыларына қатысты. Ал кәсіпорын құрылтайшыларына қолданылмайды.

Қарыз толық өтелгеннен кейін шектеуді алып тастауға болады. Алайда ол үшін соттың рұқсаты қажет. Сондықтан берешекті әуежайда төлеген күннің өзінде азамат бірден шетелге ұша алмайды. Шектеуді алып тастау рәсімі бір жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу