Қазақстанда 8,9 мың азамат банкрот деп танылған

337

Өткен жылдың наурызынан бері соттан тыс банкроттықты қолдануға 80 мыңнан аса қазақстандық өтініш берген. 

Қазақстанда 8,9 мың азамат банкрот деп танылған Фото: freepik

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекеттік кірістер органдары 2023 жылғы наурыздан бастап соттан тыс банкроттықты қолдануға 80 мыңнан астам азаматтан өтініш қабылдады. Оның ішінде 16,7 млрд теңгеден астам қарызы бойынша 8 986 азамат банкрот деп танылды. E-gov, E-gov Mobile және E-Salyq Azamat арқылы түскен заңға сәйкестікке өтініштерді автоматты түрде өңдеу 22-ден астам мемлекеттік орган мен ұйымдардың базаларымен, 11 екінші деңгейдегі банкпен интеграциялау жолымен жеке тұлғалардың банкроттығы жүйесінде өңделеді", - деп түсіндірді спикер.

Ержан Біржанов рәсімді қолдануды оңайлату бойынша соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту бөлігінде заңнаманы жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу