Қазақстанда 2024 жылы 85 экстремистік қылмыс ашылды

187

44 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қазақстанда 2024 жылы 85 экстремистік қылмыс ашылды Фото: Liter.kz

2024 жылы діни және ұлттық алауыздықты қоздыру, терроризмді насихаттау және экстремистік ұйымдарға қатысу сияқты 85 қылмыс ашылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Сонымен қатар, ұрлық, бопсалау, тонау және басқа да жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін 131 діни радикал сотталды. 18 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылып, олардан 50 қару және 10 келіден астам есірткі тәркіленді", – дейді ведомство.

Тыйым салынған материалдарды таратқан 390 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Жыл бойы 9930 нысанның қауіпсіздік шараларының жағдайы тексеріліп, оның нәтижесінде бұзушылықты жою туралы 3581 нұсқама енгізіліп, 1244 әкімшілік хаттама жасалды", – дейді полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу