Қазақстанда 9 айдың қорытындысы бойынша алаяқтықтың төмендеуі байқалуда

432

Жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардан алаяқтықтың үлесі 30% -ды құрайды. 

Қазақстанда 9 айдың қорытындысы бойынша алаяқтықтың төмендеуі байқалуда

Аймақ бойынша ең көп алаяқтық:

  • Алматы (қ) - 6742,
  • Астана (қ) - 5358,
  • Қарағанды облысы - 2590,
  • Шымкент (қ) - 1921,
  • Алматы – 1836,
  • Ақтөбе -1334,
  • Атырау -1319,
  • Қостанай -1311,
  • Павлодар -1244,
  • Шығыс Қазақстан -1243 облыстарында тіркелген.

Алаяқтық әрекеттердің салдарынан 34 623 адам зардап шекті, оның ішінде:

  • Ерлер – 15603,
  • Әйелдер - 19020

Сондай-ақ: 

  • Кәмелетке толмағандар - 102,
  • Мектеп, гимназия, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындарында оқитындар - 291,
  • Зейнеткерлер -1714,
  • Мүгедектер – 8.
  • Интернет-алаяқтық фактілері 1,5% - ға төмендеді.

Еліміз бойынша барлығы 15616 (15848) осындай қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Ақша қаражатын қарызға алу арқылы алаяқтық 73% - ға төмендеді, барлығы 24 (89) факт орын алған.

Төлем карталарын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық фактілері бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% - ға аз.

Жер құқықығы қатынастары саласында барлығы 3 факт тіркелген және барлығы Алматы облысында.

Сонымен қатар, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы статистикалық есептілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары бойынша қалыптастырылады және ай сайын (тоқсан сайын) qamqor.gov.kz порталының "құқықтық статистика", "статистикалық есептер" бөлімінде жарияланатынын еске саламыз, онда статистикалық мәліметтерді жылдар және облыстар бөлінісінде алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу