Қазақстанда 97 ауыл өз еркімен ішімдіктен бас тартқан

262

Сондай-ақ, алкогольден бас тартқан ауылдарда құқықбұзушылық бірнеше есе азайған. 

Қазақстанда 97 ауыл өз еркімен ішімдіктен бас тартқан Фото: freepik

Қазақстанда 100-ге жуық ауыл тұрғыны ішімдіктен бас тартты. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенаттағы брифингте ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха нақты 97 ауыл ішімдіктен өз еркімен бас тартқанын айтып, өңірлер бойынша тоқталып өтті.

“Қарағанды облысында – 50 ауыл, Түркістан облысы – 7 ауыл, Қостанай облысында – 6, Ақтөбе облысында – 5, Жамбыл облысында – 5 ауыл, ШҚО – 4, Қызылорда облысында – 3, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында – 2 ауыл, Маңғыстау, Жетісу және Павлодар облысынде – 1 ауыл. Бұл – шағын ауылдар. Сол өңірлердің тұрғындары "енді ішімдік ішпейміз" деп шешім қабылдаған. Өздерінің бастамасы”, - деді Игорь Лепеха сенаттың жалпы отырысынан соң.

Вице-министрдің сөзінше, осындай бастама көтеріліп жатқан соң министрлік мониторинг жүргізіп,  бұл ауылдарда құқық бұзушылық бірнеше есе азайғанын байқаған.

“Менің ойымша, мұнда ішімдік сатылмайды да. Тұрғындар "сухой закон" болады деп шешкен. Ешкім сатып алмайды және сатпайды. Сіздер осы ауылдардың біріне барып көріңіздер", - деді Игорь Лепеха.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу