Қазақстанда 970 шетел азаматы жазасын өтеп жатыр

869

Сенатта "Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" заң қабылданды. 

Қазақстанда 970 шетел азаматы жазасын өтеп жатыр

Құжат өзге елде сотталған Қазақстан азаматтарына жазасын өз елінде 
өтеуге мүмкіндік беруді көздейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асыловтың түсіндіруінше, сотталған адамдарды беру үшін ол екі елдің бірінің азаматы және 2 елде де қылмыс саналатын әрекеті үшін сотталған болуға тиіс. Бұған қоса сотталған адамға сұрау салынған кезде үкім заңды күшіне енген сондай-ақ жазаның кем дегенде 6 айы өтелмеген болуы керек. Сотталған адам өзге елден өз еліне ауысуға жазбаша келісім беруге міндетті. 

"Бүгінгі таңда елімізде 970 шетел азаматы бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр. Ал шет елде 922 Қазақстан азаматының бостандығы шектелген", – деді Берік Асылов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу