Қазақстанда адам капиталы өсуде

1784

Соңғы бір жылда жұмысшы күші 1%, еңбекпен қамтылғандар саны 1,5%-ға артқан. 

Қазақстанда адам капиталы өсуде

Елімізде адам капиталы саласында өсу байқалады. Ең жоғары өсім Нұр-Сұлтан мен мұнайлы аймақтарға тиесілі.
finprom.kz мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылдың екінші тоқсанында елдің экономикалық белсенді тобы -9,2 млн адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға жоғары.

Оның 95%-ы жұмыспен қамтылғандар. Бұлардың саны бір жылда 1,5%-ға өсіп, 8,8 млн адамға жеткен. Ал жұмыссыздар саны бір жылда 0,1%-ға немесе 441,8 мың адамға өскен. Айта кетейік, соңғы үш жылдағы жұмыссыздар саны  халықтың  5%-ына жетпейді.

Экономикалық белсенді халықтың жартысынан астамы қалада тұрады. Соңғы бір жылда олардың үлесі  58,6%-ға артқан. Ал ауыл халқының үлесі керісінше 0,7%-ға немесе 3,8 млн адамға азайған.

Қала тұрғындарының 58,5%-ы жұмыспен қамтылса, ауыл тұрғындарының тек 41,5%-ы еңбек етеді. Қалада жұмыс істейтіндер саны бір жылда 3%-ға, 5,1 млн адамға өссе, ауылда керісінше 0,6% азайған.

Әйтседе республикалық көрсеткіште жұмыссыздардың басым бөлігі - 59,3%-ы  қалаларда тұрады. Ал ауылдардағы жұмыссыздар саны жалпы көрсеткіштің 40,7%-ын құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда шамамен 2%-ға төмен.
Аймақтар бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы облысында. Мұнда экономикалық белсенді адамдар саны 1 млн-нан асады. Сонымен қатар Алматы облысында 985,5 мың, Түркістан облысында 818,7 адам еңбек етеді.  

17 облыстың 5-інде еңбек ресурстарының азюы байқалған. Мұның ішінде ең көбі Солтүстік Қазақстан (1,6%), Павлодар (0,9%), Қызылорда облысында (0,9%).

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу