Қазақстанда АЭС атауын коммерциялық мақсатта қолдану ұсынысына түсінік берілді

160

Атом энергиясы жөніндегі агенттік елімізде салынатын алғашқы атом электр станциясының атауына қатысты пікір білдірді. 

Қазақстанда АЭС атауын коммерциялық мақсатта қолдану ұсынысына түсінік берілді Фото: gov.kz

Бұған себеп – бір маркетологтың АЭС атауын брендке айналдырып, оны автомобиль нөмірі сияқты сату жөніндегі ұсынысы, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Агенттіктің мәлімдеуінше, бұл идея креативті болғанымен, қабылданбайды.

– Атом электр станциясы – Қазақстан үшін стратегиялық нысан. Оның атауы тек тарихи, мәдени әрі ұлттық құндылықты бейнелеп қана қоймай, халық үшін сенім мен бірліктің символына айналуы керек. Сондықтан оны коммерциялық өнім немесе уақытша бренд ретінде қарастыруға болмайды, – делінген ресми түсініктемеде.

Сонымен қатар, агенттік АЭС атауы бүкіл ел үшін ортақ таңба болатынын атап өтті. Бұл атауды анықтау конкурсы қазақстандықтардың қатысуымен өтеді. Қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдармен бірге байқауды ұйымдастыру тетігі әзірленіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу