Қазақстанда АЭС салудың алдында ядролық инфрақұрылым тексеріледі

537

Астанада АЭХА сарапшылары Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын кешенді шолу миссиясына (INIR) кірісті. Миссия жұмысын 31 наурызда аяқтайды.  

Қазақстанда АЭС салудың алдында ядролық инфрақұрылым тексеріледі Фото: Massaget

АЭХА миссиясын Ядролық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің сарапшылары Мехмет Джейхан мен Тибо Рейсет, сонымен қатар Ұлыбританиядан сыртқы сарапшы Стивен Мортин ұсынады, деп жазады Inbusiness.kz.

Іс-шараны Қазақстанның энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов ашты.

"Миссия жұмысына Қазақстан тарапынан да өкілдер қатысуда – Энергетика министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, "Қазатомөнеркәсіп" АҚ, "ҚАЭС" ЖШС, ҰЯО, ЯФИ және ҰТО ЯҚТ", - делінген ҚР Энергетика министрлігі хабарламасында.

АЭХА ұсынымдарына сәйкес, ядролық-энергетикалық бағдарламаны дамытудың бірінші кезеңінде АЭС салу бойынша шешім қабылданғанға дейін ядролық энергияны қауіпсіз, сенімді әрі орынды пайдалануды әзірлеу мен енгізу жөніндегі маңызды құрал - Қазақстанның ядролық-энергетикалық инфрақұрылымының жай-күйін бағалауды жүргізу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу