Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының басқарушы директоры Ернат Бердіқұлов мәлім еткен.
Оның сөзінше стансаны халықаралық мердігерлер пулы салады.
"Негізгі болып төрт компания қарастырылады: қытайлық CNNC, кореялық KHNP, ресейлік "Росатом" және француздық EDF. Олардың бірі стансаның негізі болып табылатын ядролық аралды салады", – деді қорының басқарушы директоры.
Электр энергиясын өндіруге арналған бу турбиналарын басқа жеткізуші орнатады. Қазір бұл оны жүзеге асыратын компания ретінде америкалық General Electric, неміс Siemens және кореялық компаниялардың бірі қарастырылуда.
Болашақ стансаның электр жабдықтарын басқа тәуелсіз мердігер жеткізеді. Швейцариялық "Шнайдермен" және француздық "Фраматоммен" келіссөздер жүргізілуде.
Барлық жұмыстарға техникалық қадағалауды басқа тәуелсіз компания жүргізеді.