Қазақстанда Агробанк құру мәселесі тағы көтерілді

707

Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа мемлекеттік органдардан мақұлдау алса, бұл идеяны жүзеге асыру бойынша көмектесуге уәде беріп отыр. 

Қазақстанда Агробанк құру мәселесі тағы көтерілді Фото: gov.kz

Ақтөбе облысының диқандары "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен "ҚазАгроФинанс" АҚ-ны қайта құру мәселесін көтерді. Сондай-ақ, олардан Агробанк құру туралы ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныстар Ақтөбе фермерлерінің Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Бәйтерек" холдингінің өкілдерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аграршыларды бұл мәселенің көптен бері талқыланып келе жатқанына сендірді, ал Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптар қолдау тапса, мәселені іс жүзінде жүзеге асыруға дайын.

Сонымен қатар, шаруаларды республикалық бюджеттен қаржы бөлу, мерзімі өтіп кеткен және несие тарихы нашарлап бара жатқан пайыздық мөлшерлеме бойынша субсидия төлеу де қызықтырды. Сондай-ақ, шаруаларға 2023 жылы үкімет резервтен өсімдік және мал шаруашылығына 30 миллиард бөлгені ескертілді.

Ал желтоқсанның 11-і күні үкімет "Өндірістік корпорация" арқылы отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен астықты тікелей сатып алуға 31 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Бұдан бөлек, инвестициялық субсидия мен пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 30 миллиард теңге бөлу мәселесі де қарастырылып жатыр.

Еске сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Ақтөбеде шаруалардың митингке шыққанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу