ҚР Энергетика министрлігі АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы қаупін көріп отырған жоқ, бірақ АИ-95 тапшылығы ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл туралы ведомство басшысы Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында айтты.
"АИ-92 жанармайына келетін болсақ, біз қажетті көлемді сақтап қойдық. Мұнай өңдеу зауыттарында, мұнай базаларында 23 күндік қор бар. АИ-92 бойынша ешқандай қауіп жоқ. АИ-95 маркалы жанармайдың бағасы көтерілуі мүмкін, бірақ бұл реттелмейтін аймақ, өйткені жазғы маусымда, әсіресе курорттық аймақтарға сапарлар көбейеді", – деді Сәтқалиев.
Ол осы мәселе бойынша министрлікте мұнай өндіруші ұйымдармен және желілік компаниялармен Ресей Федерациясынан қажетті көлемде АИ-95 импортын қамтамасыз етуді сұрап, кеңес өткізгенін айтты.