Қазақстанда "Air Arabia" әуе компаниясына айыппұл салынды

535

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.  

Қазақстанда "Air Arabia" әуе компаниясына айыппұл салынды Фото: silkbyayesha.com

"Air Arabia" әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 690 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Алматы-Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген қызметтерді (алкогольсіз сусындарды) ұсынбағаны "Air Arabia" әуе компаниясын әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болды.

"13 ақпан күні "Air Arabia" әуекомпаниясы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабын бұзғаны үшін 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуге тартылды. Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс аясында жолаушылардың құқықтарын сақтау бөлігінде ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын ұстанатынын және авиатасымалдаушылар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шараларды қабылдайды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу