Қазақстанда әйел полицейлердің саны артуы мүмкін

231

Бүгінде құқық қорғау саласында 280 әйел жұмыс істейді.  

Қазақстанда әйел полицейлердің саны артуы мүмкін Фото: The-village-kz.com

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл заң жобасын (ред. – Әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң) іске асыру үшін үлкен дайындық жұмысын жүргізіп, қызметкерлерімізді дайындау қажет. Бұдан бөлек жауап қайтару тетігін де қарастыру қажет. Осыған дейін мұның бәрі Әкімшілік кодексте болатын. Енді Қылмыстық іс жүргізу кодексі шеңберінде осы жұмыстың бәрі қиындады. Заң күшіне енгенге дейін дайын болуымыз үшін қазір бізге ауқымды жұмыс жүргізіп, қызметкерлерді дайындау керек", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

Журналистер құқық қорғау органдары қатарына әйелдерді жұмысқа алу жоспарда бар ма деп нақтылады.

"Президент отбасындағы зорлық-зомбылық профилактикасымен айналысатын әйел қызметкерлердің санын көбейтуді тапсырғаны белгілі. Қазір Қазақстан бойынша штат санын 750 бірлікке көбейту мәселесі қарастырылып жатыр. Бүгінде қыздарға, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық істерінде әйел тергеушілер маманданған. Сұрақ-жауапты әйел жүргізуі тиіс. Бұл тәжірибені зерттедік. Әкімдер бізді қолдады. Үкіметте осы штат бірлігін қаржыландыру бойынша мәселе пысықталып жатыр", - деді ол.

Игорь Лепеха қазіргі таңда әйел полицейлердің саны 280 екенін айтты.

Айта кету керек, осыған дейін Президент әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу