Қазақстанда әйелдер басқаратын компаниялардың саны 30%-дан аспайды

941

Әйелдер басқаратын негізгі салалар  – білім және денсаулық сақтау. 

Қазақстанда әйелдер басқаратын компаниялардың саны 30%-дан аспайды

Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалардың саны бір жыл ішінде 2,2% - ға өсіп, 2019 жылдың қыркүйек айының соңында 443,7 мың компания болды.Оның 299,5 мыңы жұмыс істеп тұр, олардың саны жыл ішінде 9%-ға артқан.

Әйелдер басқаратын заңды тұлғалардың саны бір жыл ішінде 9,5%-ға өсіп, 90,1 мың болды.Ал олардың үлесі бір жыл ішінде 30%-дан 30,1%-ға дейін артты.

Басқарушы әйелдердің басым бөлігі жеке кәсіпорындарда жетекшілік етеді. Олардың саны 11,4% - ға өсіп, 76,1 мың болды.

Әйелдер басқаруындағы шағын кәсіпорындардың саны 87,6 мыңға жетті, бір жылда 8,7% -ға өсіп отыр. Ал орта кәсіпорындар саны бір жыл ішінде 1,8% - ға артып, 2,1 мың компания болды. Ірі компаниялардың саны 428 болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4% - ға артық.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу