Қазақстанда әйелдер мен ерлер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі әртүрлі

1290

Еліміздің 17 өңірінің 11-інде күнкөріс деңгейі орта республикалық көрсеткіштен төмен. 

Қазақстанда әйелдер мен ерлер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі әртүрлі

Қазақстанда әйелдер мен ерлер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі әртүрлі, деп хабарлады Finprom.kz.  

2020 жылдың ақпан айында жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 30,3 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11,6%-ға жоғары. Осы уақыттағы инфляция деңгейі 6%-ға тұрақтаған. 

Салыстырмалы түрде алатын болсақ 2019 жылдың ақпан айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 27,1 мың теңгені құраған. Демек бір жылдағы өсім 4,2%.
Төменгі күнкөріс деңгейінің ең жоғары көрсеткіші 35,7 мың теңге әдеттегідей Маңғыстау өңірінде тіркелді. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан (34,1 мың теңге)  мен Алматы (33,4 мың теңге) қаласы.

Әйтседе еліміздің 17 өңірінің 11-інде күнкөріс деңгейі орта республикалық көрсеткіштен төмен. 

Ал Павлодар (26,4 мың теңге), Батыс-Қазақстан (27 мың теңге)  және Ақтөбе (27,4 мың теңге)   облыстарында көнкөріс деңгейі ең төмен. 

2020 жылдың ақпанында 13 жасқа дейінгі балалар үшін бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейі 24,3 мың теңгені құрады. Ал 14-17 жас аралығындағы жасөспірім ұл балалар үшін 38,3 мың теңге болды. Ал 14-17 жас аралығындағы қыздарға 29,3 мың теңге. Бұл ұлдардан 23%-ға төмен. 

Ал жастар арасында бұл көрсеткіш ұлдар үшін - 36,6 мың теңге, қыздар үшін - 28,6 мың теңгені құрады. 

Сонымен қатар зейнет жасындағы ерлер үшін - 30,4 мың теңге, әйелдер үшін - 26,2 мың теңге. 

Естеріңізге сала кетсек, ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша көптеген әлеуметтік төлемдер бекітіледі. Ол төменгі жалақы мен зейнетақы төлемдеріне де негіз болып табылады. Сондай-ақ, кедейлік деңгейі де осы көрсеткіш бойынша анықталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу