Қазақстанда әйелдер полиция бөлімшелері қалыптасуы тиіс

408

Бұл туралы Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясында Қазақстан Республикасы Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. 

Қазақстанда әйелдер полиция бөлімшелері қалыптасуы тиіс Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы спикерінің айтуынша, жақын арада республиканың әр қаласында әйелдер полициясы бекеттері пайда болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Саясаткер Қазақстанда соңғы екі жылда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлардың штаты екі есеге ұлғайғанын атап өтті.

"Кейде әйелді тек әйел ғана түсіне алады. Сондықтан, біз әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу бойынша, әйел тергеушілердің мамандануын енгіздік", — деп түсіндірді Ерлан Қошанов.

Оның айтуынша, жалпы республика бойынша жедел-тергеу топтарына 280 әйел тергеуші енгізілген.

"Қазақстанда алғаш рет пилоттық режимде әйелдер полиция бөлімшесі құрылды, және онда тек әйелдер жұмыс істейді. Енді зардап шеккен әйелдер мұндай учаскеге өз қиындықтарымен еркін келіп, қорғауды сұрай алады. Жақын арада, бұл тәжірибе бүкіл ел бойынша жүзеге асырылатын болады", — деп қосты ҚР Мәжілісінің спикері.

Сонымен қатар, Ерлан Қошанов зардаптармен ғана емес, зорлық-зомбылық ықтималдығының алдын алу қажеттігі туралы мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу