Қазақстанда әйнек қауіпсіздігіне қатысты жаңа стандарттар енгізілді

139

Қазіргі уақытта жаңа талап Орал қаласындағы кәсіпорында қолданысқа енді.  

Қазақстанда әйнек қауіпсіздігіне қатысты жаңа стандарттар енгізілді Фото: oknaekipazh.com

2025 жылы елімізде құрылыс әйнегіне арналған, үйлердің, кеңселердің және қоғамдық ғимараттардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін стандарттар әзірленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, көпқабатты қауіпсіз әйнек өндірісін реттейтін ҚР СТ ISO 12543-1-2025 және ҚР СТ ISO 12543-2-2025 стандарттары әлемде кеңінен қолданылады.

Құжатта өндірушілер мен өңдеушілер үшін бірыңғай талаптар енгізілді. Оларда көпқабатты әйнектің құрамы мен негізгі сипаттамалары айқындалған. Әйнектің беріктігі мен қауіпсіздігіне басты назар аударылған. Мұндай бұйымдар соққыға төзімді болады және сынған жағдайда қауіпті сынықтар пайда болмайды.

"Бүгінгі таңда стандарттар – жай формалдылық емес, адамдарды қорғаудың нақты құралы. Көпқабатты әйнекке қойылатын талаптарды енгізу ғимараттардың қауіпсіздігін арттырып, жарақат алу қаупін төмендетеді. Бұл қазақстандықтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етіп, құрылыс материалдарына деген сенімді қалыптастырады", – деп атап өтті "ҚазСтандарт" РМК бас директоры Мәлік Сәулебай.

Іс жүзінде бұл жоғары деңгейлі қорғанышты білдіреді. Тұрғын үйлер мен бизнес-орталықтарда әйнек зақымданған кезде жарақат алу қаупін төмендетеді. Витраждар, қасбеттер, терезелер мен арақабырғалар механикалық жүктемелер мен температураның ауытқуына төзімдірек болады.

Өндірістік цикл бірнеше өңдеу кезеңдерінен тұрады. Жайпақ әйнек шыңдаудан, ламинациялаудан, эмальдаудан және басқа да процестерден өтеді. Сосын аталған бұйымнан беріктік пен қауіпсіздік сипаттамалары белгіленген шыныпакеттер мен арнайы бұйымдар жасалады.

"Көпқабатты әйнек "қауіпсіз сыну" қағидаты бойынша жұмыс істейді: тіпті қатты соққы тиген жағдайда да сынықтар конструкцияның ішінде қалады. Бұл әсіресе қауіпсіздікке өте жоғары талаптар қойылған қоғамдық орталар мен қасбеттік конструкциялар үшін маңызды", – деп түсіндірді "СтеклоСервис" серіктестігінің маманы.

Стандарттарды енгізуден өнімнің сапасы жақсартып, құрылыс материалдарына деген сенім арттады деп күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу