1,5 жылдан бері алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1% арзандады.
Жылдық мәндегі ӘМАТ индексі - 109,1%
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 27 маусым/:
- Айран 2,5% – 411 тг/л
- Күріш – 436 тг/кг
- Қырыққабат – 133 тг/кг