Қазақстанда әкімдіктердің білім беру гранттарына өтініш қабылдау басталды

323

Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады. 

Қазақстанда әкімдіктердің білім беру гранттарына өтініш қабылдау басталды Фото: freepik

Қазақстанда 2024-2025 оқу жылына арналған әкімдіктердің білім беру гранттарына өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі. Ал биыл жергілікті атқарушы органдар талапкерлерге 2475 білім беру гранттарын бөлген.

“Атап өтетін болсақ, 858 грантты елорда әкімдігі бөліп отыр. Бұл – әкімдіктер арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы – 270 грант, Абай облысы – 200 грант, Маңғыстау облысы – 175 грант, Ақмола облысы – 160 грант және Жетісу мен Қызылорда облысы – 100 грант, қалған аймақтар 100-ден аз грант бөлген”, – делінген хабарламада. 

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беруі қажет. Сондай-ақ ЖОО-ға мынадай құжаттар тапсырады:

білімі туралы құжат;

ҰБТ сертификатын;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

жеңілдік санатын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады.

Ал грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу