Алматы қаласы бойынша Президент сайлауынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығында "Wikistrat Global Consultancy" аға ғылыми қызметкері, тәуелсіз бақылаушылар Миссиясының АҚШ атынан мүшесі Ричард Уильям Вайц баспасөз конференциясына қатысты, деп жазады inbusiness.kz.
Ол Алматыдағы 6 сайлау учаскесін аралап шыққан, дауыс беру аяқталғанша халықаралық бақылаушы мегаполистің әр түрлі бөлігінде орналасқан 20 учаскеге баруды жоспарлап отыр.
"Сайлау учаскелерінде мен әр түрлі жастағы адамдарды көрдім, жастар да бар, үлкен кісілер де бар. Ешқандай наразылылақ болған жоқ, мен өз көргеніме риза болдым", - деп атап өтті Ричард Уильям Вайц.
Ричард Уильям Вайцтің пікірінше, Қазақстанда АҚШ-қа қарағанда сайлауға барынша жауапкершілікпен қарайды. Екі ел арасындағы басты айырмашылықтардың бірі осы болса керек деп атап өтті, ол.
"АҚШ-та сайлауда халықтың жартысынан аз бөлігі дауыс береді. Сондай-ақ АҚШ-та бақылаушыларға сайлау учаскелерінің ішінде болуға тыйым салынады, олар оны сырттан бақылайды", деді Ричард Уильям Вайц.