Қазақстанда ақша аударымдарының көлемі бір жылда 47,1 млрд теңге болды

1227

Бұл соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Қазақстанда ақша аударымдарының көлемі бір жылда 47,1 млрд теңге болды

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы Қазақстан ішіндегі транзакциялар көлемі бір жылда үштен бірге өсіп, 47,1 млрд теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2018 жылы осыған ұқсас кезеңде көрсеткіш 57 млрд теңге болған.

Биыл 9 айда транзакциялар саны 1,2%, 421,9 мыңға дейін өскен, бұл бір аударымның орташа чегін 85,4 мың теңгеден 111,6 мың теңгеге дейін арттырды.

Халықаралық ақша аударым жүйесі арқылы Қазақстан бойынша аударылған қаражат көлемі бойынша "Золотая Корона" көшбасында, 11,7 млрд теңге. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға артық.

Кейін тізімде Western Union тұр, 1,7 млрд теңге. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 2,5%-ға аз.

Сондай-ақ "Юнистримге" (449 млн теңге) және Contact (76,3 млн теңге) ақша аударым жүйесі арқылы қомақты қаржы аударылған.

Басқа жүйелер арқылы 33,2 млрд теңге аударылды, бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 44%-ға артық.

Транзакциялар саны бойынша Western Union көш бастап тұр, 14,3 мың. Бір жылдағы өсім – 16,3%.

"Золотая Корона" арқылы транзакциялар саны 19,6%, 13,5 мыңға дейін азайған. "Юнистрим" және Contact ақша аударым жүйесінің үлесінде 2,8 мың және 0,01 мың транзакция. 

Биыл 9 айда басқа ақша аударым жүйесі арқылы транзакциялар саны бір жылда 1,3%-ға өсіп, 391,6 мың болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу