Қазақстанда ақша массасы қаңтарда 4,2%-ға қысқарды

1252

Қазақстанда ақша массасы қаңтарда 4,2%-ға қысқарды

Қазақстанда ақша массасы 2017 жылдың қаңтарында 4,2%-ға – 19,075 трлн теңгеге дейін (ағымдағы – 312,65/$1) қысқарды, хабарлады Ұлттық банк.
Айналымдағы қолма-қол ақша көлемі қаңтарда 7,4%-ға, 1,619 трлн теңгеге дейін төмендеді.
Қаңтарда ақша базасы 9,4%-ға қысқарып, 4,679 трлн теңгені құрады. Тар ақша базасы (Ұлттық банктегі екінші деңгейлі банктердің жедел депозиттертерін есепке алмағанда) есептік кезеңде 12,1%-ға – 4,214 трлн теңгеге дейін қысқарды.
Қазақстан 2015 жылдың 20 тамызынан бастап  инфляциялық таргеттеу режімі және ұлттық валютаның еркін айырбас бағамына  негізделген жаңа ақша-несие саясатына көшті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу