Қазақстанда ақша жылыстату фактілері 2 есеге өсті

1004

Елімізде ақша жылыстату фактілері 2 есеге көбейді, деп хабарлайды Atameken Business. 

Қазақстанда ақша жылыстату фактілері 2 есеге өсті

Соның салдарынан, мемлекет 1 млрд 200 млн теңгесінен қағылған. Мұндай қылмыстар санының тиылмай тұрғанын сұрықсыз статистика да анық байқатады. Соңғы 4 айдың өзінде 27 заңсыз әрекет әшкереленді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Қордаланған мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз бақылауына алып, білек сыбана кіріссе де қазынаға қол салғандар саны азаяр емес.

Керісінше, жыл бастала салысымен артып, қалтасын қампитуды ойлағандар бірден 13 өңірде анықталған. Көш басында Алматы мен Алматы облысы тұр. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы. Мұнда 4 қылмыстық іс қозғалған. Антирейтингтің үштігін Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары түйіндеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу