Қазақстанда активтерді қайтару қызметі құрылды

165

Қызметтің құрылымы мен штаттық санын Бас Прокурор бекітеді.  

Қазақстанда активтерді қайтару қызметі құрылды Фото: gov.kz

Бас прокуратура жанынан Активтерді қайтару жөніндегі қызмет құрылды.

Бұл туралы Бас прокурордың бұйрығында айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қызметтің құрамына мыналар кіреді: 

  • Мониторинг, талдау және тексеру басқармасы;
  • Активтерді қайтару шаралары жөніндегі басқарма;
  • Бас Прокурордың аға көмекшісі (ұйымдастыру-бақылау жұмысы);
  • Бас Прокурордың көмекшісі (халықаралық байланыстар жөніндегі).

Қызметтің негізгі міндеттері:

  • Заңсыз иемденілген активтерді анықтау және мемлекетке қайтару;
  • Заңсыз иемденілген, оның ішінде шетелге шығарылған активтерді мемлекетке қайтаруға бағытталған шараларды іске асыру;
  • Активтерді қайтару бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту;
  • Өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Аталған бұйрық 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Еске сала кетейік, Қазақстан Бас прокуратурасының 2025 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген отырысында қадағалау органының басшысы Берік Асылов Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің Инвесторлардың құқығын қорғау комитеті болып қайта құрылғанын мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу