Қазақстанда алда қай бағытта жаңа темір жолдар салынады

1575

ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов транзиттік жүк тасымалын арттыру үшін қандай жоспар бекітілгенін айтып берді, деп хабарлайды  inbusiness.kz

Қазақстанда алда қай бағытта жаңа темір жолдар салынады

"Аймақтар арасындағы ішкі коммуникацияны қамтамасыз етіп, транзиттік әлеуетті арттыру үшін тәуелсіздік жылдары ішінде 2500 шақырымға жуық темір жол салынды. Негізгі транзиттік бағдарларға жүктеменің артып келе жатқанын есепке ала отырып, Достық – Мойынты, Қазалы – Арыс, Алматы торабы, Сарыағаш стансасы арқылы жүретін пойыздардың кедергісіз өтуіне қатаң қадағалауымыз керек. Осы мақсатта алдағы уақытта Достық – Мойынты бағытында екі жолды салып, осы уаскеге электр тоғын тарту жұмысы қолға алынып жатыр. Сонымен қатар жоспар бойынша Дарбаза – Мақтаарал темір жол желісін салу көзделген",  деді Жәнібек Тайжанов ОКҚ алаңында.

Қазіргі уақытта Достық - №19 разъезд бөлігінде екінші жолға топырақ жайылып жатыр.
"Шекарадағы Достық стансасына жаңа әрі жаңартылған терминалдар қойылады. Алматы торабында Жетіген – Қазыбек би темір жол желісін салу көзделген. Бұл жоспардың бәрін 2025 жылға дейін аяқтау көзделген", – дейді ол.

Аян Бекенұлы 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу