Қазақстанда алдағы 3 тәулікте күн жауын-шашынсыз болады

489

"Қазгидромет" РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Қазақстанда алдағы 3 тәулікте күн жауын-шашынсыз болады Фото: google

Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы 3 тәулікте күн жауын-шашынсыз болады.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, күн ашық және бір қалыпты жылы ауа райы сақталады. Тек солтүстікте және солтүстік-батыста 23 наурызда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында циклон ойпатының әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Республика бойынша тұман түседі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік пен солтүстік-батыста жел күшейеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу