Қазақстанда алдағы бесжылдықта мұнай тасымалының құны екі есеге көтеріледі

64

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" компаниясы хабарлады.  

Қазақстанда алдағы бесжылдықта мұнай тасымалының құны екі есеге көтеріледі Фото: kaztransoil.kz

Елімізде магистральдық мұнай құбырлы жүйесі арқылы ішкі нарыққа мұнай тасымалдау құны алдағы бесжылдықта біртіндеп қымбаттайды деп жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Келер жылдан бастап 1 тонна мұнайды 1000 шақырым тасымалдау құны 6 777,76 теңге болып белгіленеді. Бұл көрсеткіш қолданыстағы тарифтен 1 862,55 теңгеге жоғары.

Одан кейінгі жылдары тариф осылай қымбаттайды:

  • 2027 жылғы 1 қаңтардан – 6 960,90 теңге.
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан – 7 270,83 теңге.
  • 2029 жылғы 1 қаңтардан – 7 564,99 теңге.
  • 2030 жылғы 1 қаңтардан – 8 018,58 теңгені құрайды.

"ҚазТрансОйл" АҚ – Қазақстанның магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5 196  шақырым болатын магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне иелік етеді.

Мұнайды магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалдауды 36 мұнай айдау станциясы, 68 мұнай жылыту пеші, жалпы көлемі 1 426 мың  м3 мұнай сақтауға арналған резервуарлық парктермен қамтамасыз етіледі.

Мұнайды ауыстырып тиеу Ақтау портының теңіз мұнай құю терминалының 3 айлағында орнатылған 5 ағызу-құю теміржол эстакадаларымен, танкерлерге мұнайды құю жөніндегі тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

"Магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторды айқындау және ол туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 265 бұйрығымен "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы болып белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу