Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

906

Синоптиктер 20-22 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады? Фото: Хабар24

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталь бөліктер айқындайды. Жаңбыр, найзағай, оңтүстік өңірлерде бұршақ жауады. 20 мамырда батыста, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте, 20-22 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжанған.

Сондай-ақ, республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, республиканың оңтүстігінде - дауыл болжанған.

"Қазақстан бойынша температуралық фонның жоғарылауы күтіледі. Түнгі уақыттарда солтүстік-батыс және солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанған", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу