Синоптиктер қазақстандықтар үшін қарлы демалыс болады деп болжап отыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Жалпы, демалыс күндері температура аясында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен тұрақсыз ауа-райы күтіледі және қар жауады. Солтүстік және шығыс аймақтарда боран соғады. Ал оңтүстік аймақтарда бұрқасын және жаңбыр түріндегі жауын-шашын болады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 29 қаңтар күні оңтүстіктің таулы аймақтарында көктайғақ пен тұманмен бірге қатты жауын-шашын күтіледі.