Қазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

262

Қазгидромет синоптиктері 9, 10 және 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.  

Қазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады Фото: egemen.kz

Ауа райының бұзылуына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режиміне көшті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Астана Тазалық" ЖШС мәліметтеріне сәйкес, бүгін қар тазалау жұмыстарына 350 арнайы техника тартылды. Қала көшелеріне 357 жол жұмысшысы шықты, – деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.

"Атлантиканың үстінде түзілген циклондар үлкен жылдамдықпен құрлыққа жақындап, Сібірге бағыт алады. Ал циклонмен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстандағы ауа райына әсер етуде. Осыған байланысты демалыс күндері қар жауып, бұрқасындатады, батыстан қатты жел соғады", – деп хабарлайды "Қазгидромет".

Ертең көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кейде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Термометр бағаны түнде -19…-21°С, кей жерлерде -28°С, күндіз -8…-10°С болады. 11 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, боран соғады.

Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні кейде  15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -13…-15°С, күндіз -3…-5°С.

Боранға байланысты республикалық маңыздағы тас жолдар жабық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу