Қазақстанда алдағы күндері 38 градус аяз болады

110

Республика бойынша тұман болжанады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Қазақстанда алдағы күндері 38 градус аяз болады Фото: altapress.ru

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулік ішінде атмосфералық фронттық бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елдің оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, 22 қаңтарда таулы аймақтарда қалың қар жауады. 

"22 қаңтарда Жаңа Жер аудандарынан ығысқан суық антициклон республиканың солтүстік жартысына әсер етіп, бұл өңірлерде ауа температурасы түнде 25-38 градус аязға дейін, күндіз 20-30 градус аязға дейін төмендейді.

Ал Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 5 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, таулы аудандарда 8-13 градус аяз, ал батыс өңірлерде 5-13 градус аяз болады деп күтіледі", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу