Қазір Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аталған компаниямен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Аталған компания тарапынан қызығушылық бар, бірақ келісімнің қашан аяқталатыны белгісіз. Егер біздің жоспар орындалса, біз де Samsung тұрмыстық техникасын шығаратын боламыз, нақты айтқанда теледидар, кір жуу мәшинесі. Компания бізге келуі үшін құқықтық-нормативтік құжаттарды өзгертуіміз қажет", – деп жауап берді ведомство басшысы.
Сондай-ақ министр Алматы қаласында Xiaomi теледидар құрастырып-шығару зауыты іске қосылды. Түркістанда коммерциялық тоңазытқыш құрастыруды жоспарлап отырғанын айтты.