Қазақстанда алдағы үш күнде күн жылынады

644

Түнде және таңертең әлі де аяз сақталады.  

Қазақстанда алдағы үш күнде күн жылынады Фото: qazaqstan.tv

"Қазгидромет" РМК 19-21 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Синоптиктер алдағы үш күнде еліміз бойынша жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын айтады.

"Қазақстанның синоптикалық жағдайына солтүстік-батыс антициклоны ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында қар жауады", - делінген хабарламада.

Температуралық фонда күрт өзгерістер болмауы мүмкін, түнде және таңертең аяз әлі де сақталады, бірақ күндізгі уақытта күн жылына бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу