Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір аптада төмендеді

262

Маусымдық көкөністер мен бірқатар азық-түлік өнімдерінің арзандауы өңірлердегі бағаның төмендеуіне әсер етті.  

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір аптада төмендеді Фото: romir.ru

2026 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ең көп төмендеу қызанақта тіркелді, оның бағасы 5,5% төмендеді. Сондай-ақ жұмыртқа 1,3%, қияр 1,3%, пастерленген сүт 0,2%, айран 0,2%, сүзбе 0,2%, қара шай 0,2%, күріш, балық, алма және ас тұзы 0,1% арзандады.

Өңірлер бойынша бағаның төмендеуі Қонаевта 0,5%, Көкшетауда 0,4%, Павлодарда 0,3%, Шымкентте, Атырауда және Петропавлда 0,2% тіркелді. Ал Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында баға деңгейі өзгеріссіз қалды.

Бағаның төмендеуіне маусымдық көкөніс өнімдерінің арзандауы және жекелеген азық-түлік топтары құнының кемуі әсер еткен.

Республика бойынша қызанақтың орташа бағасы 654 теңге, Шымкентте 406 теңге. Картоп 280 теңге, Таразда 220 теңге. Жұмыртқа 575 теңге, Көкшетауда 486 теңге, Ақтөбеде 488 теңге.

Күріштің орташа республикалық бағасы бір килограмына 532 теңге болды. Ең қолжетімді бағалар Қызылордада – 461 теңге және Алматыда – 478 теңге деңгейінде тіркелді.

Сиыр етінің орташа бағасы 3 777 теңге, тауық еті 1 725 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу